389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баскетболдан Қазақстан құрамасы Филиппинді қабылдайды

  • 755
  • UPD: 14:06, 24.02.2019
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Филиппинді қабылдайды

Баскетболдан Қазақстан командасы 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы соңғы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін біздің құрама өз жерінде филиппиндік баскетболшыларды қабылдайды. 

Қазақстан мен Филиппин арасындағы матч Астана уақытымен 20:30-да «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. 

Айта кетелік, қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін жіберіп алды. Әлемдік доданың финалдық кезеңіне жолдама алу үшін біздің команда соңғы екі ойында жеңіске жетуі тиіс болатын. 

Алайда 21 ақпан күні Австралияға қарсы өткен сында Қазақстан құрамасы 60:81 есебімен ұтылып қалды. 

Баскетболдан әлем чемпионаты биыл Қытайда өтетінін еске саламыз.

Хабар 24 телеарнасы