378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Галышева параллельді могулда кіші финалдан бас тартып, 4-орын иеленді

  • 270
  • UPD: 14:28, 24.02.2019
Галышева параллельді могулда кіші финалдан бас тартып, 4-орын иеленді

Жапонияның Тадзавако қаласында фристайл-могулдан кезекті әлем кубогы аяқталды.

Бірінші жарыс күнінде қола медальмен көзге түскен Юлия Галышева параллельді могулда төртінші орында қалды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Іріктеу кезеңдерінен іркілмеген Галышева жартылай финалда Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға (Франция) есе жіберді. 

Кіші финалда Юлия австралиялық Энтони Джакараға қарсылас атануы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа шығудан бас тартып, төртінші орын иеленді. 

Перрин Лаффон жеңіске жетсе, америкалық Джейлин Кауф күміс медальді еншіледі. 

Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ. Павел Колмаков швециялық Уолтер Уолбергтен ұтылды. 

Ерлер арасындағы сында канадалық Микаэль Кингсбери жеңіске жетті. Екінші орында – жапондық Икума Хоришима, үшінші орында – франциялық Бенджамин Кавет. 

Айта кетейік, кеше Юлия Галышева жекелей сынды алғашқы үштік қатарына енген болатын. 

2-3 наурыз күндері Қазақстан тарихында тұңғыш рет фристайл-могулдан әлем кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтетінін еске саламыз. 

Хабар 24 телеарнасы