378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аян Бейсенбаев триатлоннан Америка кубогының күміс жүлдегері атанды

  • 263
Аян Бейсенбаев триатлоннан Америка кубогының күміс жүлдегері атанды Olympic.kz

Триатлоншы Аян Бейсенбаев Америка құрлық кубогының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Olympic.kz. 

Кубаның Гавана қаласында өткен жарыста Бейсенбаев Elite категориясы бойынша сынға түсті. Ол стандартты қашықтықты 1 сағат 52 минут 2 секундта жүріп өтіп, жеңімпаздан 1 минутқа артта қалды. 

Бірінші орында 1 сағат 50 минут 50 секунд көрсеткішімен америкалық Колин Шартье иеленсе, үздік үштікті жапондық Гента Учида қорытындылады. 

Тағы бір қазақстандық триатлоншы Мейірлан Ысқақов жетінші, жастар құрамасының мүшесі Темірлан Теміров 20-орында. 

Хабар 24 телеарнасы