378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Манчестер Сити» Англия лигасының кубогін ұтып алды

  • 230
  • UPD: 11:31, 25.02.2019
«Манчестер Сити» Англия лигасының кубогін ұтып алды

Финалда Гвардиола шәкірттері «Челсиді» жеңді. Қарсыластар негізгі және қосымда уақытта есеп аша алмады. Пенальти сериясында 4:3 есебімен «Манчестер сити» футболшылары жеңіске жетті. Хосеп Гвардиола ағылшын клубымен төртінші жүлдесіне қол жеткізді. Матч аяқталар тұста Лондон командасының қақпашысы Кепа бас бапкер шешіміне қарсы шығып, ауысудан бас тартты.

Маурицио Сарри, «Челси» ФК бас бапкері:

- Бұл жерде аздап түсінбеушілік болып қалды. Мен қақпашының аяғы тартылып қалды деп ойладым. Сондықтан ол пенальти сериясына қатыса алмайтын еді. Алайда оның аяғы жай ғана ауырыпты. Ол қақпада тұруға дайын екенін айтты. Ал, пенальтиге дейін менің кетіп қалғаныма мән бермеңіздер. Маған ашуымды тежеп сабырға келу керек болды. Кепа дұрыс істеді.  

Хосеп Гвардиола, «Манчестер сити» фк бас бапкері:

- Әрине бойымды қуаныш кернейді. «Челси» керемет ойын көрсетті. Біз клуб тарихында алғаш рет лига кубогын қатарынан екі жыл ұттық. «Челси» футболшылары қызықты, сапалы ойындарымен лайықты қарсылас бола білді. Финалдық кездесу өз деңгейінен шықты.

«Боруссия» - «Байер» 3:2

Неміс бундеслигасында бас жүлдеге талас қыза түсті. Қазір чемпион «Бавария» «Боруссияны» өкшелеп келеді. Дортмунд командасы биылғы маусымда топ жарудан дәмелі. 23-турда «Байерді» қабылдаған Люсьен Фавр шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті. 80 мың көрермен алдында көсіліп ойнаған қарсыластар қызықты ойын көрсетті. 30-минутта Дан Аксель Загаду алаң иелерін алға жетеледі. Сосын Кевин Фолланд таразы басын теңестірді. Бірақ бір минуттан кейін Санчо «Боруссияны» қайтадан алға жетеледі. Кездесу соңына қарай Марио Гетце мергендік танытып, Дортмунд командасының мерейін асырды. «Байер» сапынан Джонатан Та есеп айырмасын қысқартты. Қонақтардың шамасы одан арығы жетпеді. «Боруссия» 54 ұпаймен топ бастап келеді. Екінші орындағы «Баварияда» 51 ұпай бар.

Астанада триатлоннан еліміздің қысқы чемпионаты аяқталды. Қазақстан біріншілігі спортшылардың дәрежесіне қарай төрт топта өтті. Элиталық сында Ақмола облысының спортшысы Дмитрий Коломеец жеңіске жетті. Әйелдер арасында Шығыс Қазақстандық Наталья Саковнина топ жарды. Жалпы есептегі жекелей сайыста Астаналық Марк Старостин мен оның әпкесі Дарья Старостина чемпион атанды. Қысқы біріншілікке еліміздің әр аймағынан 200-ге тарта спортшы қатысты. Сонымен қатар, АҚШ, Чехия және Ресейден де триатлон шеберлері келді.

Хабар 24 телеарнасы