375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханадағы суретін жариялады

  • 254
  • UPD: 15:00, 25.02.2019
Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханадағы суретін жариялады Fightnews.info

Ол жекпе-жектен кейін бірден ауруханаға барған.

Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов Instagram желісінде ауруханадан сурет жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чехия астанасында өткен UFC Fight Nights 145 турниріндегі үш раундты жекпе-жек қорытындысы бойынша Ысмағұлов төрешілер шешімімен испаниялық Хоэль Альваресті жеңді.

Жекпе-жектен кейін Ысмағұлов қол жарақатына байланысты бірден ауруханаға барды. Файтердің сөзінше, ол кездесу алдындағы дайындық кезінде сүйегін сындырып алған екен, осыдан жарақат жекпе-жектің бірінші раундынан-ақ мазалай бастаған.

Ысмағұлов суретті жариялап, оған былай деп жазған: «Үйге жетіп, суды ашам да осы күнді шайып жіберем».

Хабар 24 телеарнасы