378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Михаил Кукушкин тұңғыш рет үздік 40 теннисшінің қатарына енді

  • 198
  • UPD: 18:20, 25.02.2019
Михаил Кукушкин тұңғыш рет үздік 40 теннисшінің қатарына енді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР әлемдік рейтингінде тұңғыш рет алғашқы 40 спортшының қатарына кірді, деп жазады Olympic.kz. 

Марсельде өткен АТР 250 турнирінің финалына жеткен ол өз көрсеткішін жақсартып, АТР рейтингінде 39-шы орынға көтерілді. Марсельдегі турнирдің жартылай финалында ол франциялық Уго Умберді ұтқан болатын. 

Финалдық кездесуде Кукушкин грекиялық Стефанос Циципастан екі сет қорытындысы бойыншы жеңіліс тапты. 

Михаил Кукушкин бұрын-соңды үздік 40 теннисшінің қатарына енбеген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы