378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ: «Барыс» - «Торпедо» кездесуінің уақыты белгілі болды

  • 223
ҚХЛ: «Барыс» - «Торпедо» кездесуінің уақыты белгілі болды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне тыңғылықты дайындықпен келді.

Жолдама тағдырын ертеректе шешіп тастаған елорда командасы одан кейінгі ойындарда аса құлшыныс танытқан жоқ. Бас бапкер Андрей Скабелка негізгі қорғаушы Кевин Даллмэннің «Торпедоға» қарсы ойнамайтынын мәлімдеді. Кертис Волктың да жағдайы белгісіз. «Ол әлі жарақатынан толық айыққан жоқ», - дейді бас бапкер. Ал Мэтт Фрэттин қатарға қосылды. Даллмэнның командада жоқтығы Скабелкаға ауыр тиген секілді. Беларусь маманы соңғы жаттығуда қорғанысқа жауапты өзге жұптардың да жағдайын байқап көрді.

«Барыс» пен «Торпедо» арасындағы алғашқы кездесу бүгін Астана уақытымен кешкі жеті жарымда басталады. Елордадағы екінші ойын 28 ақпанда өтеді. Сосын командалардың кездесуі Нижегородта жалғасады. 

Мессидің кезекті жетістігі

Лионель Месси спорттық мансабындағы 50-хет-тригін жасады. «Барселона» шабуылшысы Ла лигада «Севилья» қақпасына үш доп соқты. Каталония командасы екі мәрте ұтылып тұрып, жеңісті жұлып алды. 25 ойыннан кейін 57 ұпай жинаған «Барса» турнир кестесінде топ бастап келеді. «Севилья» – Мессиге ыңғайлы қарсылас. Былтыр оның командасы 0:2 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Қос голды матчқа екінші таймда араласқан Месси соққан еді. «Севильяға» қарсы 37 кездесуде аргентиналық футболшы 36 голын еншісіне жазды.

Теннис: Кукушкин борна Чоричпен ойнайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Дубайдағы теннис турниріне қатысады. Бүгін ол хорватиялық Борна Чоричпен кортқа шығады. Ұтыс қоры екі жарым миллион долларды құрайтын жарысқа Роджер Федерер де қатысып жатыр. Швейцариялық теннисші алғашқы айналымда неміс Филипп Кольшрайбердің осал тұсын тапты. Есеп:6:4, 3:6, 6:1.

Хабар 24 телеарнасы