389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аман Қазанғапов Бішкектегі халықаралық турнирде чемпион атанды

  • 965
  • UPD: 17:34, 26.02.2019
Аман Қазанғапов Бішкектегі халықаралық турнирде чемпион атанды

Бішкекте бокстан Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталып, қазақстандық Аман Қазанғапов жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол финалда шаршы алаң иесі Омурбек Бекжігітұлын 4:1 есебімен жеңді. 

Ілияс Сүлейменов пен Нұржан Бекзатов, сондай-ақ қыздар арасында Назым Қызайбай мен Рано Пархатовалар күміс жүлдегерлер қатарында. 

Қырғызстандағы бокс турниріне сегіз елден 199 спортшы қатысты.

Хабар 24 телеарнасы