378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қуат Хамитов Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізеді

  • 218
Қуат Хамитов Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізеді zakon.kz

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 26 сәуірде Мәскеу қаласында Fight Nights Global турнирі аясында өтеді. Хамитов (20-5-1) Әзербайжан спортшысы Нариман Аббасовпен (23-3) жеңіл салмақ санатында (70 келі) бос тұрған чемпиондық атақты сарапқа салады.

Айта кетейік, Хамитов октагонға соңғы рет 2017 жылы қарашада шықты. Алматыда өткен турнирде ирландиялық Питер Куиллимен кездесті. Бес раундқа жалғасқан жекпе-жек тең аяқталған болатын.

Ал Аббасов қатарынан сегіз кездесуде жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде Михаил Гогитидзені бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Хабар 24 телеарнасы