378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды

  • 287
  • UPD: 22:06, 27.02.2019
БАҚ: Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды inform.kz

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзғаны үшін қамауға алды.

БАҚ мәліметінше, Полтараниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және вастриялық Макс Хауке қамауға алынған.  Неміс және австриялық полицейлер халықаралық допинг желісін анықтау шарасы болып табылатын акция барысында осындай әрекеттерге барғаны айтылады. Барлығы тоғыз адам ұсталған, оның ішінде бес спортшы бар.  Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеевельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек боғлан. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Австрияда допинг қолдану қылмыстық іс болып табылады.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы