378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық каратешілер Австриядағы ірі турнирде бақ сынайды

  • 231
Қазақстандық каратешілер Австриядағы ірі турнирде бақ сынайды Olympic.kz

1-3 наурыз аралығында Австрияның Зальцбург қаласында каретеден А сериясындағы Премьер-лига турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа әлемнің 99 мемлекетінен 2057 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстаннан жалпы есебі 32 спортшы бақ сынайды. 

Премьер лига мен А сериясының аздаған айырмашылығы бар. Премьер лига турнирінде бір салмақ дәрежесінде 64 спортшыға дейін қатысуға мүмкіндік береді.

Ал А сериясында мұндай шектеу жоқ. Мәселен, 67 келіде ката бойынша 222 спортшы сынға түседі. 

Австриядағы турнирге Қазақстан командасы Дархан Асаділов пен Дидар Әмірәлі бастап барады.

Хабар 24 телеарнасы