378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» Испания кубогінің финалына шықты

  • 195
  • UPD: 11:25, 28.02.2019
«Барселона» Испания кубогінің финалына шықты

Каталония командасы жартылай финалда «Реалдың» осал тұсын тапты. «Сантьяго «Бернабеу» стадионындағы кездесу 3:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Үш доп та екінші таймда соғылды. Луис Суарес екі мәрте мергендік танытқан матчта Рафаэль Варан да көзге түсіп өз қақпасына гол соқты. «Барселона» қатарынан алтыншы жыл Испания кубогының финалына шықты. Вальверде шәкірттері «Валенсия»-«Бетис» жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Эрнесто Вальверде, «Барселона» ФК Бас бапкері:

 -Алғашқы таймды аса жақсы өткіздік деп айта алмаймыз. Үзілістен кейін алаңдағы ойынымыз түзелді. «Сантьяго Бернабеуде» босаңсу мүмкін емес. «Реал» да ширығып шыққаны белгілі. Біздің мақсатымыз - қатысып жатқан турнирлердің барлығында жеңіске жету. Жанкүйерлер де осыны талап етеді. «Барселонада» бұл қалыпты жағдай. 

«Астана» баскетболшылары ВТБ бірыңғай лигасының кезекті турында Ресейдің «Парма» командасынан басым түсті. Пермь қаласында кездесу 85:80 есебімен аяқталды. Елордалықтар сапынан Джей Джей О'Брайен ең нәтижелі ойыншы атанды. Ол 36 минутта 23 ұпай жинап, алты мәрте тосқауыл қойды. «Астаналықтар» Энтони Клеммонс пен Джеффри Гросселл де көзге түсті. Осы жеңістен кейін елорда командасы ВТБ лигасында төртінші орынға жақындай түсті. «Астананың» алдында «Локомотив-Кубань» мен «Химки» келеді.

Хабар 24 телеарнасы