375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Серік Сәпиев Алексей Полторанинге қатысты дау бойынша түсініктеме берді

  • 309
  • UPD: 17:39, 28.02.2019

Қазақ елінің шаңғы спортындағы жалғыз үміті Алексей Полторанин допинг қолдануы мүмкін деген күдікке ілінді.

Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесімізді жергілікті полиция ұстап әкеткен. Полторанин кеше 15 шақырымдық классикалық сайыста бас жүлдеге таласуы тиіс еді. Алайда жарыстың басталуына бір жарым сағат қалғанда қазақстандық шаңғышыны құқық қорғау саласының мамандары тоқтатқан. Жалпы тоғыз адам ұсталған. Олардың арасында дәрігер мен бес спортшы бар. Полтораниннен бөлек, Эстония мен Австрияның шаңғышылары күдікке ілініп отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Австрия мен Германия полицейлері халықаралық деңгейге шығып кеткен допинг желісінің ізіне түсу үшін спортшыларды тексерген. Аталған мәселеге қатысты Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пікір білдірді. «Қазіргі уақытта Полторанинге Халықаралық олимпиада комитеті мен Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі тарапынан ешқандай айып тағылған жоқ. Австрия елінің заңы бойынша кез келген адамды себепсіз 48 сағатқа қамай алады. Сондықтан нақты ақпарат жоқ», – дейді Сәпиев.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Мен Алексей Полтораниннің таза спортшы екеніне сенемін. Ол тек кездейсоқ жағдайға тап болды деп есептеймін. Австрия үкіметінен хабар күтеміз. Олар тарапынан қандай да бір айып тағылған жоқ. Қазір шаңғышының қасында адвокаты бар. Спортшыға заң аясында қолдау көрсетеміз. Біз допингке қарсы күресті жалғастыра береміз. Түрлі семинарлар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Допингтің салдары қандай болатынын айтамыз. Спортшыларымыздың тыйым салынған дәрі-дәрмектерден аулақ болғанын қалаймыз. Алайда қазіргі жағдай осылай болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы