375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккей: «Барыс» - «Торпедо» 5:4

  • 208
  • UPD: 13:14, 01.03.2019
Хоккей: «Барыс» - «Торпедо» 5:4 lenta.inform.kz

«Барыс» плей-офф кезеңіндегі екінші кездесуде 0:4 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды.

Астанада «Торпедомен» айдынға шыққан елорда хоккейшілері овертаймда басым түсті. Қатарынан үш шайба жіберген соң «Барыс» қақпашыларды ауыстырды. Хенрик Карлсонның орынына Доминик Граховина шықты. Екінші кезеңде Антон Сагадеев пен Дмитрий Шевченко мергендік танытса, шешуші үшінші таймда Даррен Диц есеп айырмасын қысқартты. Соңғы минутта Мэтью Фреттин таразы басын теңестірді. Овертаймда Роман Старченко «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Антон Сагадеев, «Барыс» ХК шабуылшысы:

- Ойын басында 4 шайба жіберіп, келеңсіздікке тап болдық. Бірақ біз бір-біріміге сенеміз. Өз хоккейімізді ойнай бердік. Тек матч басында ойынымыз жүрмеді. Жанкүйерлер керемет қолдау көрсетті. Лық толған стадионда ойнау тамаша әсер сыйлады. Овертаймда солардың арқасында жеңіске жеттік. Жанкүйерлер бізге күш берді.

Жалпы есепте 2:0 нәтижесімен алға шыққан «Барыс» енді Нижний Новгородқа барады. «Торпедо» айдынындағы екі кездесу 2-4 наурызда өтеді. 

 

Хабар 24 телеарнасы