378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр допингпен еліміздің 36 спортшысы ұсталған

  • 280
  • UPD: 19:51, 01.03.2019

Жалпы допинг дауы бізде жиі қайталанатын болды. Былтыр мұндай күдікпен  36 қазақстандық спортшы ұсталды. Олардың дені ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді.

Спорттың муай-тай түрінен 8, жеңіл атлектикадан 6, ауыр атлектикадан 4, грек-рим күресінен 2 спортшы, 2 велоспортшы, самбо, шаңғы жарысы, байдарка мен каноэ есу, көркем гимнастика, жүзу, су добы, спорттық балық аулау, дзюдо, еркін күрес және пара-пауэрлифтингтен бір-бір спортшы тыйым салынған препараттар қолданған. Олардың ағзасынан рұқсат етілмеген препараттар табылған. Жалпы соңғы бес жылда Илья Ильин, Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Алмас Өтешов, Владимир Седов секілді спортшылар допинг дауына іліккен.

Хабар 24 телеарнасы