378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда шахматтан Әлем кубогін өткізу жоспарланып отыр

  • 261
Ақтауда шахматтан Әлем кубогін өткізу жоспарланып отыр

Ақыл-ой спорты бәсекесіне Каспий маңы елдерінің жеткіншектері де қатыса алады. Мұндай бастаманы Маңғыстау облысына арнайы барған жас шахматшы Бибісара Асаубаева көтерді. Шахматтан бес дүркін Әлем чемпионы аймақ әкімінің қабылдауында болды. Жобасын таныстырып, қолдау сұрады. Айта кетейік, дарынды қыздың өңірге сапары аясында маңғыстаулық оқушылар мен студенттер үшін шеберлік сағаты өтеді. 

Бибісара Асаубаева, шахматтан бес дүркін әлем чемпионы:

- Шетелден қанша шақырту келсе де Ресейден елге оралып, шахмат спортының дамуына үлес қосуды шештім. Каспий кубогін өткізсек деген идея туындады. Бұл 5 мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Ақтау саммитінің жалғасы іспетті болса деймін. Менің бұл идеяма Маңғыстау облысының басшысы қолдау білдірді. Нәтижесінде жыл сайын халықаралық деңгейде шахмат фестивалі өткізілетін болды. Осы орайда жобамды биылғы жылдың 12 тамызында жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Мақсатым орындалса, қазақстандық жас шахматшылардың  есімін әлемге танытуға жол ашылары сөзсіз.

Ануар Шайхымов, қалалық шахмат мектебінің директоры:

- Бұл турнир, яғни мемлекет басшылары бас қосатын саммиттің жалғасы болмақ.  Осы бес мемлекеттен қатысушылар келеді. Яғни біздер дәстүрді жалғастырып, Ақтау қаласын шахмат орталығына айналдырамыз.

Хабар 24 телеарнасы