Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қысқы универсиада: қазақстандық бенди шеберлері ұтылып қалды

  • 898
  • UPD: 07:26, 02.03.2019
Қысқы универсиада: қазақстандық бенди шеберлері ұтылып қалды

Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ Дүниежүзілік қысқы универсиадада қазақстандық бенди шеберлері алғашқы матчын ресейліктермен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу Ресей құрамасының айқын басымдылығымен өтіп, 9:1 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар сапындағы «Ақжайықтың» жас шабуылшысы 19 жастағы Азат Бектұрған жалғыз голдың авторы атанды. Ал Сұлтан Қадыржановтың 38-минутта орындаған 12 метрлік айып добын ресейлік қақпашы Юрий Иванчиков қайтарды.

Ресейдің жоғары лигасында өнер көрсететін «Ақжайықтың» бас бапкері Николай Шавалдин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 3 наурызда финдермен, 4-іне шведтермен, 5-іне норвегиялықтармен айдынға шығады.

Универсиадаға барлығы бес команда қатысып жатқандықтан, соның төртеуі жартылай финалға жолдама алады. Демек үміт әлі үзілген жоқ. Кеше сондай-ақ Швеция құрамасы норвегиялықтарды 8:0 есебімен ойсырата жеңді.

Хабар 24 телеарнасы