375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Бекхэмге ескерткіш қойылды

  • 189
  • UPD: 18:09, 03.03.2019
АҚШ-та Бекхэмге ескерткіш қойылды

Ағылшын футболшысы Америкадағы футболдың да аңызына айналып үлгерді.

«Лос-Анджелес Гэлакси» команданың бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэмға арнап ескерткіш орнатты. Монумент клуб стадионы «Хоум Депот Сентердің» маңында орын тепкен.

43 жастағы Бекхэм – MLS тарихында ескерткіш қойылған алғашқы аяқдоп шебері.

Дэвид «Лос-Анджелес Гэлакси» клубына 2007 жылы еркін агент ретінде барған.

Оның алдында «Реал» мен «Манчестер Юнайтедте», ал АҚШ-тан оралған соң «Милан» және «Пари-Сен Жермен» клубтарында өнер көрсетті.

«Гэлакси» сапында Бекхэм MLS-де екі рет топ жарды.

Авторы: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы