389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» ФК – Суперкубок иегері

  • 673
  • UPD: 18:34, 03.03.2019
«Астана» ФК – Суперкубок иегері Nur.kz

«Астана» ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді.

Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті «Қайратпен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойында астаналық команданың сұрмергені Жуниор Кабананга екі гол соқты. Ол ойынның сегізінші минутында Покатиловтың қақпасынан саңылау таба білді. Ал 66-минутта ойынның соңғы нүктесін қойды.

Айта кетейік, соңғы бес минутта және қосымша төрт минутта «Қайрат» сапында өнер көрсететін легионер Эсеола алаңнан қуылғаннан кейін, алматылық команда матчты он ойыншымен жалғастырды.

Бұл «Қайраттың» жаңа бапкері Алексей Шпилевский үшін және жарты жыл бойы бапкерсіз өнер көрсеткен «Астанаға» қайта оралған Роман Григорчук үшін бірінші ойын болды.

Суперкубок дәстүрлі түрде премьер-лиганың жаңа маусымын ашады. ҚПЛ-2019 ойындары келесі демалыс күндері басталады.

Хабар 24 телеарнасы