384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені Жанбота Алдабергенова салды

  • 1085
  • UPD: 20:40, 03.03.2019
Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені Жанбота Алдабергенова салды vesti.kz

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы медаль Жанбота Алдабергенованың еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасында 79,38 ұпаймен қола жүлдені иеленді. Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Беларусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр. Тағы бір қазақстандық фристайлисшы Аяна Жолдас 4-орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы