378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» Нижегородта «Торпедомен» төртінші кездесуін өткізеді

  • 212
  • UPD: 11:59, 04.03.2019
«Барыс» Нижегородта «Торпедомен» төртінші кездесуін өткізеді vesti.kz

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындары жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Барыс» Нижегородта «Торпедомен» 4-ші кездесуін өткізеді. Соңғы ойында 1:3 есебімен ұтылған астаналықтар бүгін қарымта қайтаруға тырысады. Әзірге жалпы есепте елордалықтар алда келеді. «Торпедоға» қарсы қорғаушы Максим Семенов ойнамайды. «Барыс» хоккейшісі бір кездесуге шеттетілді. Биыл Құрлықтық хоккей лигасында Гагарин кубогының жаңа иегері анықталады. Себебі былтырғы чемпион «Ақ барыс» Омбының «Авангардына» қарсы тұра алмады. Татарстан командасы қарсыластарынан төрт ойында да ұтылып қалды.

Хабар 24 телеарнасы