378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Федерер жүлде санын жүзге жеткізді

  • 233
  • UPD: 12:51, 04.03.2019
Федерер жүлде санын жүзге жеткізді mignews.com

Роджер Федерер спорттық мансабында ұтып алған жүлде санын жүзге жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

37 жастағы теннисші әлі де бәсекеге қабілетті екенін дәлелдей түсті. Швейцариялық спортшы Дубайдағы турнирдің финалында грек жігіті Стефанос Циципастың осал тұсын тапты. Есеп:6:4, 6:4. Федерер ең алғашқы жүлдесін 2001 жылы Миланда ұтып алған болатын. 2006-шы жылы ол 12 турнирде топ жарады. Соның үшеуі үлкен шлем жарыстары. Сол жылы тек «Ролан Гаррос» қана бағынбайды. Қазір Роджер Федерер әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы