377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: Алексей Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда

  • 275
  • UPD: 14:59, 04.03.2019
ҚР СІМ: Алексей Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда inform.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі допинг пайдаланды деп айыпталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзірге, Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, ол консулмен кездеспеген», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Қазақстан тарапы әділ спорт ұстанымын негізге алатынын атап өтті.

«Допингпен күрес, спортшылармен ашық диалог секілді ұстанымға әрқашан да мән беріп келеміз. Біз таза спортқа, сондай-ақ біздің барлық спортшылар үшін бірдей жағдай жасауға екпін қоюдамыз. Қазақстан ЮНЕСКО-ның тиісті конвенциясына қосылды және барлық осы стандарттар пысықталуда», - деді Е.Ашықбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Бұдан кейін шаңғы федерациясы басы дауға қалған Полторанинге байланысты түсініктеме берді.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді. Ал Австрияның Ұлттық допингке қарсы агенттігі Доминик Балдауф пен Макс Хаукені спорттан шеттетті.

Жақында ҚР Шаңғы федерациясы А. Полторанин байланысқа шықпай отырғанын мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы