388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да альпинистер Мұзтаудың шыңына көтерілді

  • 869
  • UPD: 22:45, 04.03.2019
ШҚО-да альпинистер Мұзтаудың шыңына көтерілді

Шығыс қазақстандық альпинистер Мұзтаудың биігіне шықты. Бұл теңіз деңгейінен 3 мың метр жоғары орналасқан шың. 

Спортшылар таудың құзар басына шығуға бұған дейін де біраз әрекеттенген. Тек 5-рет, осы жолы ғана шыңға табан тіреді.  Соңғы 20 жылда қыс мезгілінде Мұзтауға шығуға ешқандай альпинистің жүрегі дауаламағанға ұқсайды. Сондықтан бұл сайыпқырандардың қазіргі әрекеті рекорд болып тұр. Альпинистер күніне 9 сағаттан астам құз-жартас арқылы өрмелегенде 3 шақырым ғана көтерілген. Ақыры 5 тәулік дегенде аспанмен таласқан Мұзтаудың шыңына шыққан.

Вячеслав Орлов, альпинист:

- Арнайы көлікпен  шықсақ та, қардың көптігінен  жоспарлаған жерге жете алмадық. Дегенмен, алғашқы бір-екі күн тырысып көрдік. Бірақ ол әрекетіміз бос уақыт  жоғалту  екенін білдік те досым екеуміз аяққа шана байлап ары қарай жаяу кеттік. Сол шешіміміз дұрыс болыпты.

Хабар 24 телеарнасы