378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық дзюдошы Еуропа ашық кубогында топ жарды

  • 236
Қазақстандық дзюдошы Еуропа ашық кубогында топ жарды olympic.kz

2-3 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа ашық кубогы өтті. 

Екі күнге жалғасқан жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 6 қола жүлдеге қол жеткізді.

90 келіден жоғары салмақ жәрежесінде белдескен балуанымыз Жұрқамырза Шүкірбеков қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Алима Жұмағалиева (-40 кг), Амандық Ермахан (50 кг), Нұрқанат Серікбаев (-50 кг), Әділ Марлен (-60 кг), Атабек Тұрлыбаев (-73 кг) және Қайратбек Сәбит (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында өткен Еуропа ашық кубогіне әлемнің 16 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты.

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы