375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық жас таэквондошылар Германиядан 12 алтынмен оралды

  • 218
Қарағандылық жас таэквондошылар Германиядан 12 алтынмен оралды

Германияда өткен чемпионатта қарағандылық жас таэквондошылар 12 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Ал жалпыкомандалық есепте отандастарымыз екінші орынға тұрақтады. Жалпы жарысқа әлемнің 7 елінен 200-ге жуық спортшы қатысқан. «Солардың арасынан суырылып шығудың өзі үлкен жетістік», – дейді жаттықтырушылары.

Нұрбол Игембаев, жаттықтырушы:

– Өзге командаларға қарағанда, біздің құрамада спортшылар саны аз болды. Соған қарамастан шәкірттерім нағыз спортшыға тән мінез танытып, үздік нәтиже көрсетті. Жалпы жарыс өте тартысты өтті.

Хабар 24 телеарнасы