378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эспаньол» - «Вальядолид» матчын 40 млн қытайлық тамашалаған

  • 355
«Эспаньол» - «Вальядолид» матчын 40 млн қытайлық тамашалаған Рrosports.kz

Испания Ла лигасының 26-туры аясында өткен «Эспаньол» - «Вальядолид» матчын қытайлық 40 млн жанкүйер тікелей эфирде тамашалаған, деп жазады Рrosports.kz.

Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен осы бір қатардағы қарапайым ойынның осынша көп адамды қызықтыруының өз себебі бар. Қысқы трансфер кезінде Қытай құрамасының шабуылшысы Ву Лей каталониялық клубқа ауысқан болатын.

Отандастарының өнерін көру үшін 40 млн қытайлық телеэкранға телмірген. Ву Лей де жерлестерін жерге қаратпай, бір гол соғып көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы