384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда тағы бір шаңғышы допингпен ұсталды

  • 788
Австрияда тағы бір шаңғышы допингпен ұсталды rusbiathlon.ru

Австриялық шаңғышы Йоханнес Дюр допинг қолданды деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz неміс журналисі Хайо Зеппельттің твиттер-парақшасына сілтеме жасап.

Спортшы 2014 жылы допинг қолданып екі жылға жарысқа қатысулардан шеттетілген болатын. Мюнхен прокуратурасы шаңғышының допингқа қатысты тергеу істерін бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, австриялық полиция шаңғы жарысынан әлем чемпионаты өтіп жатқан Австрияның Зефельд қаласындағы допингке қарсы рейд кезінде тоғыз адам ұсталған болатын.

Ұсталғандардың ішінде қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де бар.

Хабар 24 телеарнасы