389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гагарин кубогі: «Барыс» пен «Торпедо» кездеседі

  • 649
  • UPD: 12:18, 06.03.2019
Гагарин кубогі: «Барыс» пен «Торпедо» кездеседі

«Барыс» «Торпедоға» қарсы Гагарин кубогінің плей-офф сериясындағы бесінші кездесуін өткізеді. Астанадағы ойын кешкі жеті жарымда басталады.

Төрт кездесуден кейін жалпы есеп теңесті. «Барыс» әзірге өз айдынындағы матчтарда жеңісті берген жоқ. Алайда бұл жолы елордалық хоккейшілерге қиын болары анық. Нижний Новгород командасы соңғы екі ойында басым түсіп, қарқын алды. Құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында Омбының «Авангарды» мен Екатеринбургтің «Автомобилисі» жартылай финалға шықты.

Хабар 24 телеарнасы