375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Мамаев – Fajr open турнирінің күміс жүлдегері

  • 242
  • UPD: 18:26, 06.03.2019
Нұрсұлтан Мамаев – Fajr open турнирінің күміс жүлдегері

Иранның Киш аралдарында таэквондодан G1 санатындағы Fajr open рейтингілік турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев күміс жүлдеге ілікті. Мамаев 68 келіде сынға түсіп, финалда ғана сүрінді. 

Еске сала кетейік, турнирдің бірінші жарыс күнінде алты қазақстандық спортшы тұғырдан көрінді. Смайыл Дүйсебай (87 келі) мен Айгүл Елубай (57 келі) алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы