378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы екі қола алды

  • 304
  • UPD: 20:06, 06.03.2019
Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы екі қола алды

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті.

Шорт-тректен қыздар құрамасы мәре сызығын үшінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшылар эстафеталық жарыста сынға түсті. Негізгі финалда қазақстандық команда төртінші көрсеткішке қол жеткізген еді. Біздің құрама сапында Әлия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая жарыс жолына шықты. Дегенмен төрешілер Оңтүстік Корея құрамасын түрлі талаптарға байланысты ойыннан шеттету туралы шешім қабылдады. Олар Ресей құрамасымен бірдей көрсеткішке қол жеткізген еді.

Аталмыш жарыста Ресей қыздары чемпион атанса, Жапония спортшылары күміс медаль алды. Шорт-тректен еліміздің жігіттер құрамасы да қоржынға қола жүлде салды. Бұл жарыста Оңтүстік Корея алтын алса, Ресей күміс жүлдегер атанды. 

Эстафеталық сайыста жарыс жолына Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұқанов және Нұртілек Кажғали шыққан еді.

Хабар 24 телеарнасы