378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садриддин Аxмедов Алматыда жекпе-жек өткізеді

  • 259
  • UPD: 23:34, 06.03.2019
Садриддин Аxмедов Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін Алматы қаласында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов шаршы алаңға 24 наурыз күні жекпе-жек өткізеді. «Алматы арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтерілмек. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 7 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде мексикалық Абрахам Хуаресті (13-1-0, 5 КО) 4 раундта нокаутқа жіберген еді.

Хабар 24 телеарнасы