375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гагарин кубогы: «Барыс» «Торпедомен» алтыншы рет кездеседі

  • 235
  • UPD: 10:44, 08.03.2019

Бүгін «Барыс» «Торпедоға» қарсы Гагарин кубогының плей-офф сериясындағы алтыншы кездесуін өткізеді.

Нижний Новгород қаласындағы ойын Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Егер елорда командасы жеңіске жетсе, Құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында жартылай финалға шығады. «Торпедо» басым түссе, шешуші матч Астанада болады.

Биатлоннан әлем чемпионаты басталды

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы медальдар эстафеталық жарыста сарапқа салынды. Қазақстан құрамасының спортшылары аралас эстафетада 22-орыннан көрінді. Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова, Тимур Куц және Владислав Витенко төрттігі топ басындағы командалардан бір айналым қалып қойып, жалпы есепке кірмей қалды. Норвегия құрамасының биатлоншылары аралас эстафетада әлем чемпионы атанды.

Әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті

Таразда мемлекеттік қызметтегі әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті. 8 наурыз мерекесіне арналған турнирге облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан командалар қатысты. 100-ден аса бұрымды кабинеттегі қызметті спорт алаңына ауыстырып, өзара бәсеке көркін қыздырды. «Қазір өңір тұрғындарының 29 проценті салауатты өмір салтын серік етеді. Жалпы бұқаралық спортпен шұғылданатын халық саны 326 мың адам», – дейді салаға жауапты мамандар. 

Жазира Мырзабаева, Андас батыр ауылының тұрғыны:

- Салауатты өмір салтын сақтап, осындай мейрамға қыз-келіншектер арасында облыс жарыс ұйымдастырыпты. Көп-көп рақмет. Өте қызықты. Соған қатысудамыз. Қазір енді екі ойын ойнадық. Ұттық. Кубокты алып кетеміз деген ойдамыз.

Ғани Қарқынбаев, бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығының директоры:

- Мерекенің қарсаңында болсын деген жоспарымыз ғой. Бүгінгі жарысқа барлық аудандар мен Тараз қаласынан 16 команда қатысуда. Олар өздерінде іріктеулер жасап, ауданның құрама командасын алып келіп отыр. 

Футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындары өтті. «Челси» өз алаңында Киевтің «Динамосынан» 3:0 есебімен басым түсті. Лондонның тағы бір командасы «Арсенал» «Реннге» қонаққа барып, 1:3 нәтижесімен жеңіліп қалды. «Валенсия» 2:1 есебімен ресейлік «Краснодарды» ұтты. «Вильярреал» Петербургте «Зениттің» осал тұсын тапты. Есеп – 3:1. «Севилья» – «Славия» – 2:2. «Наполи» «Зальцбург» қақпасына жауапсыз үш доп соқты. «Айнтрахт» – «Интер» арасында есеп ашылған жоқ. Загребтің «Динамосы» «Бенфиканы» жеңді. Есеп – 1:0. Қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.

«Рома» бас бапкерді қызметінен босатты

«Рома» футбол клубының бас бапкері Эусебио ди Франческо қызметінен кетті. Рим командасы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Портуға» есе жіберген соң, клуб басшылары жаттықтырушыны міндетінен босатты. Португалиядағы жеңілістен кейін Ди Франческо баспасөз мәслихатына келген жоқ. «Рома» футбол клубы ресми сайтында Эусебиоға алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Хабар 24 телеарнасы