375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Реал» Моуриньюмен келісімшартқа отырмақ

  • 282
«Реал» Моуриньюмен келісімшартқа отырмақ Politeka

Мадридтік «Реал» 10 наурызда португалиялық бапкер Жозе Моуриньюмен келісімшартқа отырады, - деп хабарлайды испаниялық AS газеті.

Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб басшылығы Моуриньюдің агентімен келіссөз жүргізген. «Реалдың» президенті Флорентино Перес қазіргі бапкер Сантьяго Солариді тезірек қызметінен босатпақ. Перес Испания чемпионатының 27-турында «Вальядолидке» қарсы ойында Соларидің бапкер болғанын қаламайды.

AS мәліметіне сүйенсек, «Реал» командаға Зинедин Зиданның оралғанын қалаған. Бірақ француз бапкерін бұл ұсыныс қызықтырмаған.

Бұған дейін британиялық The Telegraph Моуриньюдің Мадридке оралу мүмкіндігі жоғары екенін хабарлаған еді. Еңбек келісімінің қанша жылға жасалатыны белгісіз.

Португалиялық маман «Реалда» 2010-2013 жылдар арасында жұмыс істеген болатын.

Биылғы маусымда «Реал» Чемпиондар лигасы мен Испания кубогынан ұшып кетті. Сондай-ақ ұлттық чемпионатта үшінші орында келеді. Команда көш басындағы «Барселонадан» 12 ұпайға қалып тұр.

Хабар 24 телеарнасы