378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

  • 287
Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды prosports.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың ай сайынғы  рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11-орында қалды. Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.

Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Эюбов бір саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы