389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Универсиада-2019: Э.Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 4-орында тұр

  • 780
  • UPD: 12:13, 09.03.2019
Универсиада-2019: Э.Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 4-орында тұр

Красноярскіде өтіп жатқан 2019 жылғы Универсиада аясында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы бәсеке басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева төртінші орында тұр. Ол 67.57 ұпай еншіледі. 

Жапониялық Майи Михара 75.92 ұпаймен көш басында. Екінші орында ресейік Станислава Константинова (70.25), үшінші орында тағы бір жапониялық Хинп Такено (67.69) орналасқан. 

Қазақстан атынан сынға түскен Айза Мамбекова 43.75 ұпаймен 20-сатыда. 

Еркін бағдарлама 9 наурызға жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы