375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда УЕФА талаптарына сәйкес келетін стадион ашылды

  • 266
  • UPD: 13:49, 09.03.2019

Қостанайда Қазақстан бойынша бірегей жабық футбол манежі ашылды. УЕФА талаптарына сай келетін спорт нысанында халықаралық, ел біріншілігі ойындарын өткізуге болады.

Үлкен футболға арналған жабық арена мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бір жылдың  ішінде тұрғызылды. Қазір сол жерден өңірдегі тілшіміз Мағауия Қалиев тікелей байланысқа шығып тұр. Жаңадан салынған жабық стадионнның ерекшелігі неде?

Мағауия Қалиев, тілші:

- Бүгін елімізде футболдан кезекті ұлттық біріншілігі басталатынын айттыңыз. «Тобыл» «Ертісті» қабылдайтыны жайында да білеміз. Мамандар «Тобылды» топ жаратындар қатарына қосып отыр. Жанкүйер пікірі қандай? Командаға қомақты қаржы бөлінді деп те естиміз.

Қазір далада қыс ызғары қайтып, қар көбесі сөгіле қоймаса да, мұнда жасыл шөп, жаймашуақ жаз ба дерсің. Үш мың көрерменге есептелген спорт нысанының аумағы 16 мың 195 шаршы метр. Жабық стадионның басты ерекшелігі төбесінің екі қабатты үрлемелі пленкамене жабылуы.

Күн сәулесімен ол ішке жарық және жылу береді. Яғни энергияға үнем. Сондықтан мұнда қысы-жазы еркін доп тебуге болады. Алаңға төселген жасанды шөп те сапалығымен ерекше.Биіктігі 6 сантиметр шөп арасына нығыздалып, ұсақталған резеңке себілген. Ел біріншілігінің бүгінгі алғашқы кездесуі алдында жергілікті «Тобыл» командасының  футболшылары жаңа жасыл алаңды сынап көрген еді. Кәсіпқой аяқ доп шеберлері жасанды төсенішті қалай бағалағандығын біз «Тобыл» футбол клубының менеджері Марат Күзембаевтан  сұрап білгелі тұрмыз.

- Марат Амантайұлы, жаңа футбол манежі көңілдеріңізден шықты ма?

Марат Күзембаев, «Тобыл» футбол клубының менеджері:

- Айта кетейін, өткен 2018 жылы облыста 43 спорт нысаны пайдалануға берілді. Соның ішінде ең ірісі осы футбол манежі. Жоба құны 4,2 миллярд тенге тұрады. Бүгін есігін айқара ашқан жаңа аренада енді бірер сағаттан кейін ел біріншілігі шеңберінде Қостанайдың Тобылы Павлодардың Ертіс командасын қабылдайды. Әзірге айтарымыз осы.

Хабар 24 телеарнасы