378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің Канеломен үшінші жекпе-жектегі сыйақысы және DAZN-дағы нақты күні туралы айтылды

  • 313
  • UPD: 21:16, 09.03.2019
Головкиннің Канеломен үшінші жекпе-жектегі сыйақысы және DAZN-дағы нақты күні туралы айтылды ivest.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық Саул Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші кездесуі үшін қанша ақша табуы мүмкін екендігі белгілі болды, деп
хабарлайды Sports.kz.

Енді екеуі де DAZN тв платформасының клиенттері: Kaнело өткен жылы қазан айында 5 жыл және 11 жекпе-жек, ​​Головкинге 3 жыл және 6 жекпе-жек туралы келісімшартқа қол қойды.

Boxingscene.com сайтының ақпараты бойынша, Головкин мен Канело 14 қыркүйекте қайтадан кездеседі, үшінші жекпе-жекте қазақстандықтың ақшалай сыйақысы 30 миллион доллардан асады.

Еске сала кетейік, Головкин мен Алварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өтіп, төрешілердің шешімімен тең тарқасты. Екінші жекпе-жек бір жыл өткен соң, 15 қыркүйекте тағы да Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтті және төрешілердің басым дауысымен Канелоның жеңісімен аяқталды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы