378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биатлоншы Йоханнес Бё – әлем чемпионы

  • 250
  • UPD: 23:08, 09.03.2019
Биатлоншы Йоханнес Бё – әлем чемпионы

Әлем кубогының көшбасшысы Йоханнес Бё Эстерсундта өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында 10 шақырымдық жарыста жеңімпаз атанды.

Ол тұрып атуда мүлт кетіп, бір айыппұл шеңберімен 24:37,6 секундты көрсетті.

Александр Логинов күміс медальді иеленді. Орыс биатлоншысы 10 нысананы дәл көздеп, Бёден 13,7 секундқа қалыс қалды. Қола – француз Кентен Филлон-Майяда. Ол ату алаңында дәл болды және жеңімпаздан 16,5 секундқа қалып қойды, деп хабарлайды prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы