389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

  • 916
Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды Olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ақмолда Сайрамкез чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақмолда қоссайыс қорытындысы бойынша 257 келіні бағындырды. 

Ол жұлқа көтеруде 112 келіні, серпе көтеруде 145 келіні еңсерген болатын. 

Сондай-ақ, Ақмолда Сайрамкез екі бағдарлама бойынша кіші күміс медальді иелік етті.

Бұл Қазақстан спортшылары жеңіп алған әзірге алғашқы жүлде екенін айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы