378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнайлы өлкеде көкпаршылар сайысы өтті

  • 224
  • UPD: 14:16, 10.03.2019

Атырау облысының Мақат ауданы, Доссор кентінде қазақтың ұлттық спорт ойындарының бірегейі – көкпардан сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Көктемнің алғашқы күндеріне тұспа-тұс келген көкпаршылар сайысына аудан жастары ұйытқы болған. Мақсат – ұлттық ойындарымызды дамыту және жастардың ат спортына қызығушылығын арттыру.

Бекен Әлирахым, тілші:

–  Аттың белі, жігіттің білегі сыналатын көкпар – ұлттық спорт ойындарымыздың ішіндегі ең төресі. Дегенмен облыстың намысын қорғайтын құрама команда 2013 жылға дейін мүлде болған емес. Ал басқа аймақтар еліміз егемендік алғалы бері  республикалық, халықаралық додаларда топ жарып  жүрген-ді. Бізде соңғы жылдары ғана көкпарға жете мән беріліп, өңірде 2 топ, ересектер және жастар командасы құрылды.

Сол екі команда өткен екі  жылдан бері ғана жүлделі орындардан көріне бастады. Міне бүгін Доссор жерінде өтіп жатқан көкпаршылар сайысы аймақта осы ұлттық спорт түрін кеңірек насихаттауға арналып отыр. Бүгінгі сайысқа 3 команда қатысып жатыр. Ойын «Командалық көкпар» және «Жаппай көкпар» ережесі бойынша өтуде. Айта кетейік, командалық көкпаршылар тек 4 адамнан тартысады, ал жаппай көкпарда адам санына шектеу жоқ. Ал қай топтың үздік ойын көрсеткеніне енді әділқазылар алқасының төрағасы Эммат Сұлтанғалиұлы баға берсін.

Көкпаршылардың үздіктері болашақта облыстық командаларға іріктеліп алынады. Сондай-ақ биыл Қызылқоға және Жылыой аудандарының жеке командасы жасақталып жатыр. Ал жалпы жетістіктерге тоқталсам  облыстың ересектерге арналған «Нарын» құрама командасы 2016 жылғы ел чемпионатында күміс жүлде, 2017 жылы қола жүлдені қанжығасына байлады. Соңғы жылда облыстық әкімдіктің қолдауы және федерацияның басы-қасында жүрген мамандардың арқасында «Жас Нарын» жастар командасы құрылған болатын. Айтпақшы осы жастар командасы алдағы аптада, тұңғыш рет ел чемпионатына аттанады. Оған республика бойынша 16 жас көкпаршылар  командасы қатысады.

Хабар 24 телеарнасы