378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннис: Федерер үшінші айналымда

  • 109
  • UPD: 15:16, 11.03.2019

Футбол: «Боруссия» Д – «Штутгарт» – 3:1, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елімізде футбол маусымы енді басталса, неміс бундеслигасы шарықтау шегіне жетті. Германия чемпионатының 25-турында Дортмундтың «Боруссиясы» «Штутгартты» қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті. Аса тартысты өткен ойында есеп біразға дейін ашылған жоқ. 62-минутта алаң иелері пенальти тебуге мүмкіндік алды. Марко Ройс он бір метрліктен мүлт кеткен жоқ. Араға он минут салып «Штутгарт» таразы басын теңестірді. Марко-Ольвер Кемпф кездесуді қыздыра түскен еді. Алайда матч соңына қарай Пако Алькасер мен Кристиан Пулишич мергендік танытып, «Боруссияға» жеңіс сыйлады. Дортмунд командасы 57 ұпаймен «Баварияны» өкшелеп келеді.

Теннис: Федерер үшінші айналымда

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер күн сайын жасарып келе жатқан секілді. 37 жастағы ойыншы АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы турнирдің үшінші айналымына шықты. Неміс жігіті Петер Гоевчикпен кездескен Федерер 6:1, 7:5 есебімен басым түсті. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович та жарысты жалғастырады. Сербиялық теннисші үшінші айналымда Филип Кольшрайбермен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы