375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» клубы жартылай финалға шықты

  • 112
  • UPD: 10:16, 11.03.2019
«Барыс» клубы жартылай финалға шықты elorda.info

Астанада «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы Гагарин кубогы плей-офф сериясының шешуші жетінші матчы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алаң иелерінен ойынның 1-ші минутында Даррен Диц қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Алайда, «Торпедо» ойыншысы Антон Волченков таразы басын теңестірді.

«Барыс» екінші кезеңнің ортасында тағы да алға шықты. Кездесудің 32-минутында Мэттью Фрэттин мергендік танытты. Дегенмен «Торпедо» командасы жеңісті қолдан бергісі келмеді. Көп ұзамай таразы басы теңесті. Бұл жолы Дмитрий Сёмин көзге түсті.

Дицтің дублі «Барыс» клубын 3-сиренаға 8 минут қалғанда үшінші рет алға шығуға көмектесті. Нәтижесінде бұл шайба матчтағы және сериядағы шешуші болды. Осылайша «Барыс» командасы 3:2 есебімен жеңді.

«Барыс» Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне шықты. Жартылай финалда Омбының «Авангард» командасымен айқасады.

«Барыс Аренадағы» матчты он мыңнан астам көрермен тамашалады.

Айта кетейік, «Барыс» пен «Авангард» арасындағы ойындар 14 наурызда Астанада басталады. Одан кейінгі кездесу де елордада 16 наурызда болады.

Хабар 24 телеарнасы