378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зидан «Реал» ұсынысын қабыл алмады

  • 158
  • UPD: 18:26, 11.03.2019
Зидан «Реал» ұсынысын қабыл алмады Спорт-Экспресс

«Реалдың» бұрынғы бапкері Зинедин Зидан мадридтік клубқа қайтып келуден бас тартты, - деп хабарлайды El Pais.

Клуб президенті Флорентино Перес команда қызметкерін франциялық маманмен байланысқа шығуын сұраған екен, алайда бапкер ұсынысты қабылдамапты.

Зидан «Реалды» 2016 мен 2018 жылдар аралығында жаттықтырған, осы уақытта олар тоғыз трофей, соның ішінде Чемпиондар лигасын үш рет қатар ұтқан.

Сонымен бірге туриндік «Ювентус» 46 жастағы Зиданға 2022 жылға дейін Максимилиано Аллегридің орнына басуды ресми сұрады.

Аллегри туриндік командамен 2014 жылдан бері істеп келеді және маусым аяғында орнынан кетуі мүмкін. 75 ұпай жинаған «Ювентус» Италия чемпионатында көш бастап тұр.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы