375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда самбодан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтті

  • 92
  • UPD: 10:55, 12.03.2019

Бұл сынға еліміздің барлық аймағынан 500-ден аса балуан қатысты. Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Темірхан Досмұханбетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған ұлттық біріншілік екі күнге созылды.

Жалпы командалық есепте Жамбыл облысының самбошылары топ жарса, Сыр өңірінен келген қыз-жігіттер екінші орынды иеленді. Ал жарыс қожайындары Алматы құрамасы үшінші орыннан көрінді. Турнир соңында ең ауыр салмақтағы жігіттер арасында Түйе балуан анықталды. Бұған дейін самбодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Түркістандық Әбдіғани Бейбарысқа тең келер ешкім болмады. Қарсыластарының осал тұсын тапқан Бейбарыс теміртұлпарға иелік етті.

Бақтияр Құнақынов, Алматы қаласы самбо федерациясының президенті:

- Жарыста Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып жатыр. Самбо негізінен Олимпиаданың бұқаралық спортына қосылып жатыр деген хабар бар. Осы келе жатқан Олимпиадада самбо күресінен көріністер көрсетіледі. Келесі Олимпиадада толығымен кіреді деген осындай хабар бар.

Хабар 24 телеарнасы