375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полторанинге тағылған айыптың түрі өзгертіледі – А.Мұхамедиұлы

  • 409
  • UPD: 13:02, 12.03.2019
Полторанинге тағылған айыптың түрі өзгертіледі – А.Мұхамедиұлы

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допинг қабылдамаған. Бірақ ол шетелдік клиникалардың біріне қан тапсырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы мәлімдеді. Сондай-ақ «Полторанин Қазақстан азаматы болғандықтан спортшыға артық жала жабудан қорғау біздің міндетіміз» деді ведомство басшысы. Естеріңізге салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин қан допингін қабылдады деген күдікпен Австрияда тұтқындалған. Алайда өз кінәсін мойындағаны үшін спортшы қамаудан босатылған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- А.Полторанин, біздің бақытымызға орай, қан құюды қабылдаған жоқ. Бірақ ол Германиядағы жеке дәрігерге қан тапсырғаны нақты болған. Нақты бар. Қазіргі таңда біз адвокаттармен юристермен сөйлесіп жатырмыз. Сонда оның жазасы қабылданған емес, қабылдауға ниет білдірді деген статьямен қарастырылып жатыр. Ал негізінен мен сіздерге айтайын, оны бас тренердің өзі де айтты, қан құйылмаған.

Хабар 24 телеарнасы