378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конор Макгрегор АҚШ-та тұтқындалды

  • 165
  • UPD: 17:41, 12.03.2019
Конор Макгрегор АҚШ-та тұтқындалды

Ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегор АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында тұтқындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, UFC ұйымының бұрынғы чемпионы бұзақылығы үшін ұсталған. 

Макгрегор Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында өзімен суретке түскісі келген жанкүйердің смартфонын тартып алып, жерге ұрып, таптап сындырған. Осыған байланысты Макгрегорге бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы