389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда доп тепкен қазақ Қытай чемпионатына ауысты

  • 684
  • UPD: 18:18, 12.03.2019
Португалияда доп тепкен қазақ Қытай чемпионатына ауысты

Португалия чемпионаттарында бірнеше жыл бойы өнер көрсеткен қақпашы Ержет Ерзатұлы Қытай Суперлигасында бақ сынайтын командаға ауысты, деп хабарлайды prosports.kz.

Тарбағатай тауының Қытай жақ бетінде туып-өскен Ержет Ерзатұлының есімі біраз жанкүйерге белгілі. Сонау 2009 жылы Астанада өткен Президент кубгында Қытай жастар құрамасы атынан қатысып жақсы қырынан танылған.

Кейін оның Қытайдың жастар құрамасында негізгі қақпашы болғанын жаздық.

Талантты қақпашы 2014 жылы Еуропа футболын көрсем деген ниетпен Португалияның үшінші дивизионында бақ сынайтын «Гондомар» командасына ауысты. 

Бұл командада екі жыл доп тепкен Ержет 2016 жылы жазда Португалия Жоғарғы лигасында өнер көрсететін «Пасуш де Феррейра» клубының жейлесін киді. Осылайша, Еуропаның ең ірі чемпионаттарында доп тепкен алғашқы қазақ атанған.

Алайда ол командада алаңға шығуға мүмкіндік болмаған соң, 2017 жылы Португалияның екінші лигасы Сегундада бақ сынайтын «Лейшойнштің» ойыншысы атанды. Аталған команда сапында екі жыл өнер көрсеткен Ержет Ерзатұлы биыл жыл басында өзі туып-өскен Қытай чемпионатына оралып отыр.

Ол енді Қытай Суперлигасындағы «Чунцин Лифан» командасының қақпасын қорғайды. Жаңа командасында қақпашылар үшін дәстүрлі 1-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.  

Ержет Ерзатұлы

Туған жылы: 1993 жылы 4 қаңтар

Бойы: 1,85 метр

Салмағы: 70 келі.

Хабар 24 телеарнасы