375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайда республикалық қысқы жастар ойыны басталды

  • 145
  • UPD: 12:45, 13.03.2019

Үшінші Республикалық қысқы жастар ойыны биыл Бурабай баурайында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысқы спорттың 10 шақты түрінен өтетін байрақты бәсекенің қатысушылары кеше Щучинск қаласының жанындағы республикалық шаңғы базасына жиналды. Ал бүгін жарыс алдындағы жаттығуларын жасауда.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Биылғы байрақты бәсекеге 100-ден астам спортшы қатысады. Олар қазір өз дайындықтарын пысықтауда.

Жарысқа негізінен 1997 және 2004 жылдар аралығында туған спортшылар бақ сынайды. Аталған сында биатлоншылар да жарысады. Олар аралас эстафета, жекелей сын, спринт, із кесушілер жарысынан өзара жеңімпаздарды анықтайды. 

Ержанат Қуандық, биатлоншы /Алматы обл/

– Мен осы жарыстың алдында көптеген жарыста жүгірдім. Республикалық жарыстарда сегізінші және он үшінші орындардан көріндім. Осы жарыста дұрыстап жүгіруге тырысамыз. Ауа райы салқындау.

Аталған ойындардың алғашқы жарыс күні ертең басталады. Сөйтіп, 10 күнге созылады. Наурыз мерекесінің қарсаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Айта кетейік, былтыр ғана іске қосылған республикалық шаңғы базасында бүгінге дейін 5-6 ауқымды спорттық сайыс өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы