389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы турнирде қазақстандық бес зілтеміршінің бәрі де алтын медаль иеленді

  • 854
  • UPD: 11:08, 14.03.2019
АҚШ-тағы турнирде қазақстандық бес зілтеміршінің бәрі де алтын медаль иеленді tengrinews.kz

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық команда бес алтын медаль ұтып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы команда қоржынына алтын жүлде алып келді. 81 келіге дейінгі салмақта Ольга Пастухова екі жаттығу қорытындысы бойынша 215 (жұлқа көтеруде - 92, серпе көтеруде - 123) келіні бағындырып, әлем чемпионы атағын кезекті рет алды.

Рахат Бекболат та әлем чемпионатында бақ сынады. 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс нәтижесі бойынша 323 келіні (жұлқа көтеруде - 144, серпе көтеруде - 179) көтеріп, мойнына алтын медаль тақты.

Жалпы есепте Қазақстан бес медаль еншілеп, сенімді жеңіске жетті.

Жалпы есеп:

  1. Қазақстан - 5-0-0;
  2. Өзбекстан - 2-3-1;
  3. Вьетнам - 2-0-1.

Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақ) пен Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақ) әкелген болатын.

Ауыр атлетикадан Лас-Вегаста өтіп жатқан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Бұл чемпионатта 50 елден 13-17 жас аралығындағы екі жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетті.

Мұның алдында қазақстандық жас атлет Сәпи Есенгелді Лас-Вегаста алтын медаль жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартқан еді.



 

 

Хабар 24 телеарнасы